Байден Польшаға құлаған зымырандарға қатысты мәлімдеме жасады

0
497

Польшада екі адамның өмірін қиған жарылыстан кейін Байден НАТО және G7 басшыларымен шұғыл келіссөз жүргізгені атап өтілді.


Байден Польшаға құлаған зымырандарға қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден алдын ала ақпарат Польшаға құлаған зымыран Ресейден атылды деген болжамды жоққа шығаратынын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Польшада екі адамның өмірін қиған жарылыстан кейін Байден НАТО және G7 басшыларымен шұғыл келіссөз жүргізгені атап өтілді. Келіссөздерден кейін АҚШ президенті Польшадағы тергеуді қолдау туралы келісімге қолжеткізгенін айтты.

"Мен не болғанын нақты анықтайтынымызға көз жеткізгім келеді", - деді ол.

Зымыран Ресейден атылуы мүмкін бе деген сұраққа Байден мұны жоққа шығаратын алдын ала ақпарат бар деп жауап берді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, бұл теріске шығарылды. Тергеу толық аяқталғанша бұл туралы айтқым келмейді, бірақ траектория бойынша оның Ресейден ұшырылуы екіталай. Бірақ көреміз", - деп жауап берді Байден.

Еске салайық, бұған дейін Польшаның Украинамен шекарадағы Пшеводов қаласында астық кептіргішке екі зымыран құлағаны хабарланған болатын. Екі адам қаза болды.

АҚШ барлау өкілі зымырандар ресейлік болуы мүмкін екенін айтқан болатын.