Бейонсе Швецияда инфляцияның өсуіне әсер етті деп айыпталып жатыр

0
431

Экономистер елде мамыр айында инфляция 1 пайыздан астам төмендеп, 9,4 пайызға жетеді деп болжаған.


Бейонсе Швецияда инфляцияның өсуіне әсер етті деп айыпталып жатыр

ERNUR.KZ. Мамыр айында поп-жұлдыз Швецияның Стокгольм қаласында "Ренессанс" турын бастады. Осы кезеңде қонақүйлер мен мейрамханаларға сұраныс артып, ел экономикасына әсер етті, деп жазады zakon.kz.

Экономистер елде мамыр айында инфляция 1 пайыздан астам төмендеп, 9,4 пайызға жетеді деп болжаған. Алайда Бейонсенің гастрольдік сапарларына байланысты ол 9,7%-ға ғана төмендеді.

Швеция үкіметінің есебінде инфляцияға өткен аймен салыстырғанда 3,3%-ға өскен қонақүйлер мен мейрамханалардың бағасы, сондай-ақ концерттік билеттерді қамтитын демалыс қызметтерінің бағасы себеп болғаны айтылған.

Danske Bank экономисі Майкл Грен америкалық жұлдыз қонақ үй, демалыс бағасының күтпеген жерден өсуіне себепкер болды деп есептейді.

"Бейонсенің Швециядағы әлемдік турнесінің басталуы мамырдағы инфляцияға әсер еткен сияқты, қаншалықты әсер еткені белгісіз. Концерт (демалыс) билеттерінің бағасы да көтерілген болуы мүмкін. Қалғаны болжамға сай келді. Біз маусым айында қонақүйлер мен билеттер бағасы қалыпты жағдайға оралған кезде бұл "тосынсыйды" еңсереміз деп оайлаймын", – дейді Майкл Грен

Экономист инфляцияға әншіні кінәламайтынын айтты. Бейонсе 10 және 11 мамырда Швецияда екі концерт беріп, Стокгольмдегі Friends Arena-да мыңдаған адамның көңілін көтерді.

11 мамырдағы екінші концерт біріншісіне билеттер бірден сатылып, жанкүйерлер жұлдызды көзбен көру үшін АҚШ-тың қиыр шетінен келгендіктен қойылған.