Шымкентте болған атыста жарақат алған әкімнің орынбасарының жағдайы тұрақты

0
154

Әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түскен


Шымкентте болған атыста жарақат алған әкімнің орынбасарының жағдайы тұрақты

Шымкент қаласында болған шулы оқиғада жарақат алған әкімдік қызметкерінің жағдайы туралы хабарланды.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімінің орынбасарына операция жасалды, өміріне қауіп жоқ.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түскен. Оған шұғыл операция жасалды, деп хабарлайды қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.
Операция барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп жоқ.
Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алуда.
Бөлісу