Бразилияда ковидтің жаңа штамы анықталды

0
1 733

Өткен тәулікте Бразилияда коронавирустан 3780 науқас көз жұмған.


Бразилияда ковидтің жаңа штамы анықталды

ERNUR.KZ. Бразилияда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Ғалымдар ол вирустың оңтүстік африкалық мутациясына ұқсайтынын айтады. Дегенмен, «бұл бразилиялық штамның өзгерген түрі де болуы мүмкін» деп бас қатырып отыр, деп хабарлайды Хабар24.

Жұқтыру деректерінің барлығы Сан-Паулу штатында тіркелген. Негізі бұл өңірдегі жағдай күрделі. Ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Жалпы бүкіл ел бойынша эпидемиологиялық ахуал мәз емес.

Өткен тәулікте Бразилияда коронавирустан 3780 науқас көз жұмған. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен тәуліктік көрсеткіш.


- Бізде вакциналау қарқынын арттыру керек. Бүгінге дейін екпенің қажетті екі дозасын халықтың шамамен 2 проценті ғана алған. Сондай-ақ жаңа мутацияларға қатысты деректерді де жіті тексеру қажет. Әйтпесе жағдай бұдан бетер ушығуы мүмкін, - дейді инфекционист Александр Найм Барбоза.