Вирусологтар Ресейдің "Спутник V" вакцинасын оның коронавирусқа қарсы толық әсерін анықтағанға дейін қолдану туралы жоспарына алаңдаулы.
ERNUR.KZ. Коронавирус клиникалық сынақтың үшінші фазасынан өтпеген ресейлік вакцинадан мутациялануы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігіне ғалымдар мәлімдеген, - деп жазады Tengrinews.kz.
Вирусологтар Ресейдің "Спутник V" вакцинасын оның коронавирусқа қарсы толық әсерін анықтағанға дейін қолдану туралы жоспарына алаңдаулы. Сарапшылар вакцина біртіндеп вирустың мутациялануына әкеп соғуы мүмкін екенін айтады.
"Вакцина тиімді екеніне көз жеткізсек дейміз. Біз оны шын мәнінде білмейміз", - дейді АҚШ-тағы Вандербильт университетінің Медциналық мектебінің педиатрия профессоры және вакциналар бойынша сарапшысы Кэтрин Эдвардс.
Оның айтуынша, вакцинаның вирусқа қарсы әсері, оны бұғаттауы немесе үйренісіп кетуі әсері "үнемі алаңдаушылық туғызады".
"Әсер етпейтін вакцинаны қолданудың түрлі ықтимал тәуекелі болады. Вирус мутацияланады деген тәуекел - теориялық тәуекел", - дейді Бостондағы Медициналық орталықтың маманы Дэн Барух.
"Спутника V" вакцинасын дайындағандар ол қауіпсіз екенін және екі ай клиникалық сынақ оның тиімді екенін дәлелдегенін айтады.
Алайда зерттеу нәтижесі жарияланбағандықтан көптеген батыс ғалымы оған күмәнмен қараған.