Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры бақуатты елдерді кедей елдерге көмектесу үшін мейлінше көп ақша бөлуге шақырды.
ERNUR.KZ. Вакциналар мен денсаулық сақтау саласындағы қолға алынған шаралар COVID-19 пандемиясына тоқтау қояды деген үміт бар, деп жазады baq.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс коронавирустық вакциналардың тиімділігі туралы соңғы ақпарат пандемияны тоқтатуға үміт сыйлайтынын айтты.
Вакциналарды сынау туралы соңғы оң мәліметтердің нәтижесінде бұл тығырықтан шығудың амалы айқындала бастағандай. Вакциналар мен денсаулық сақтау саласындағы қолға алынған шаралар COVID-19 пандемиясына тоқтату қояды деген нақты үміт бар, - деді ол.
Гебрейюс бақуатты елдерді кедей елдерге көмектесу үшін мейлінше көп ақша бөлуге шақырды.
Бұл қайырымдылық актісі емес, COVID-19 пандемиясын тоқтатудың және әлемдік экономиканың дамуын ынталандырудың ең жылдам және ұтымды әдісі, - деді ДДҰ басшысы.Оның айтуынша, осы мақсатта әзірленген бағдарламаны тек осы жылы іске асыру үшін 4,3 миллиард АҚШ долларын талап етеді. Бұл қаражатты вакциналар, тесттер мен дәрі-дәрмектерді сатып алуға және жеткізу жолдарына бөлу жоспарлануда.
Келесі жылы ДДСҰ-ға осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін тағы 23,8 миллиард доллар қажет болады, - деп қосты Тедрос Гебрейюс.