Оңтүстік Африканы қар басып қалды: Салдарынан көлік қозғалысы тоқтады

0
98

Оңтүстік Африка Республикасында күтпеген жерден жауған қар КваЗулу-Натал провинциясындағы жолдарда көлік қозғалысын толықтай тоқтатты.


Оңтүстік Африканы қар басып қалды: Салдарынан көлік қозғалысы тоқтады

ERNUR.KZ. Апат зардаптарымен күресу үшін әскер жұмылдырылды, деп жазады Stan.kz



Метеорологиялық қызметтер провинцияның оңтүстік-батыс бөлігінде тағы қар жауады деп ескертеді.

Оңтүстік Африканың жол қозғалысы органдары бірнеше тас жолда көлік қозғалысы тоқтағанын хабарлады. Құтқару жұмыстары қауіпсіз болған кезде басталады.

"Бірнеше гуманитарлық ұйымдар жолда қалғандарға көмек беріліп жатыр", - делінген Оңтүстік Африканың Ұлттық жолдар агенттігінің хабарламасында.
Оңтүстік Африканың ауа райы қызметі провинцияның оңтүстік-батыс аудандарында Ледисмиттен Гигант сарайына дейінгі аралықта қар жауатыны туралы сегізінші деңгейлі ескерту жасады.

Синоптик Лутандо Масимини 22 қыркүйекте таңертең ауа райы ашылады деп болжайды. Сонымен бірге, сарапшы қардың жаңбырға орын беруі мүмкін екенін, оның ықтималдығы 30%-ға бағаланғанын атап өтті.

Оңтүстік африкалықтар соңғы рет қарды 2023 жылдың шілдесінде көрген. Ал бұдан бұрын 2012 жылдың тамызында Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында жауған еді.