"Добрый Cola" – Coca Cola сусынының Ресейдегі жаңа атауы

0
513

Fanta – "Добрый Orange", ал, Schweppes – "Rich тоник" деп аталатын болады.


ERNUR.KZ. Ресейдегі Coca-Cola сусынының атауы ребрендинг аясында "Добрый Cola" болып өзгертілді, деп жазады inbusiness.kz.

Fanta – "Добрый Orange", ал, Schweppes – "Rich тоник" деп аталатын болады. Бұдан бөлек Dushes, Cherry, Lemonade, Mango и Sib Travy жаңа дәмдері бар сусындар пайда болмақ.

Сусындардың алғашқы өнімдері биыл күзде шығарылады деп жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс сусындардың бағасына әсер етпеуі мүмкін деп жазылған.

Еске сала кетейік, Coca-Cola компаниясы (Coca-Cola Hellenic Bottling Company) маусым айында Ресейдегі өндірісті және Coca-Cola брендтерімен сусындар сатуды тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Ресей сусындарды басқа атаумен шығаруды жалғастыруға шешім қабылдаған.