Қазақстан құрамасы маунтинбайктан Қытайдың Цзуньи қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Кросс-кантри эстафеталық жарысында еліміздің намысын қорғаған спортшылардың қатарында Шымкент қаласындағы №2 жеңіл атлетика және велоспорттан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері Виолетта Казакова мен Алексей Фефелов та бар.
Жалпы құрамда Богдан Лухманов, Алексей Фефелов, Денис Сергиенко, Виолетта Казакова, Юлия Ли және Алина Карасева өнер көрсетті. Бұл сында «алтынды» Қытай құрамасы иеленсе, «қола» жүлде Үндістанға бұйырды.
Материктік біріншілік 27 сәуірге дейін жалғасады. Чемпионатқа 20 елден 160 спортшы қатысуда.