Дональд Трамп: мұғалімдерге қару алып жүруге рұқсат беру керек

0
1 210

АҚШ президенті Дональд Трамп білім беру нысандарының айналасында қарудан ада аумақ және мұғалімдердің қару алып жүруі туралы ойын қолдады, - деп хабарлайды АҚШ-тық БАҚ.

Бұл ойын құрама штаттарының педагогтары Флорида штатындағы 17 адамның өмірін жалмаған атыстан соң айтты.

"Бұл (қаруды) жасырын алып жүру. Мұғалімдерге ондай құқық беріліп, арнайы дайындықтан өтеді. Және оны қарудан ада аумақта алып жүре алады», - деді Трамп Ақ үйдегі мектептегі атыстан зардап шеккендер және олардың туыстарымен кездесу кезінде. «Егер атыс қаруын терең түсінетін оқытушы болғанда, сол шабуылды дер кезінде тоқтатуы мүмкін еді», - деді АҚШ президенті.

Өткен аптада Флорида штатындағы Парклендте Стомен Дуглас мектебінің бұрынғы шәкірті, 19 жасар жігіт білім беру нысанында қарудан оқ жаудырып, арасында оқушылар бар, 17 адамның өмірін қиған еді.