ЕАЭО мен Қытай доллардан бас тартпақ

0
527

ЕАЭО және Қытай арасында есептесу кезінде доллар және еуроны пайдалану бизнеспен қоса, сол елдердің бюджетіне шығын келтіреді.


ЕАЭО мен Қытай доллардан бас тартпақ

ERNUR.KZ. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Қытай доллардан бас тартқысы келеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы "Еуразиялық экономикалық одақ және "Бір белдеу, бір жол" қытайлық бастаманың түйісуі" форумында айтылды.

ЕАЭО және Қытай арасында есептесу кезінде доллар және еуроны пайдалану бизнеспен қоса, сол елдердің бюджетіне шығын келтіреді. Бұдан құтылу үшін, сондай-ақ халықаралық санкцияларға тәуелді болмау үшін ЕАЭО мен Қытай не ұлттық валютада, не жеке үстіңгі ұлттық валютада есеп айырысуы керек.

"Өзіміз бағасын белгілемейтін құнмен сауда жасайтынымыз компанияларға көп шығын келтіреді. Сондай-ақ экономикамызды офшорлаудан да аз шығын болмайды", - деді ЕЭК интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі Сергей Глазьев.

Қытай халық университеті Макроэкономикалық зерттеу департаментінің директоры Лю Юй Шудің айтуынша, транзакцияларда үнемдеуге мүмкіндік беретін және қауіптерді жоюдың ең тиімді жолы - цифрлық ұлттық валютада есеп айырысу. Бірақ бұл әзіргше талқылау сатысында.