​Ер адам қызғаныштан әйелі мен қыздарын атып тастады

0
1 349

Олардың барлығы оқ жарақатынан қаза тапқан.


​Ер адам қызғаныштан әйелі мен қыздарын атып тастады

ERNUR.KZ. Ресейде ер адам қызғаныштан әйелі мен екі қызын атып өлтірген. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетіндегілер мәлімдеген, деп жазады Tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен 48 жастағы әйелдің, 15 және 11 жастағы қыздардың денесі табылған. Олардың барлығы оқ жарақатынан қаза тапқан.

Тергеу мәліметінше, ер адам отбасы мүшелерін барлығын атып өлтірген соң, өз-өзіне қол жұмсаған. Тек 17 жастағы жасөспірім аман қалған. Ол оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мұны қызғаныштан жасаған.