Соңғы тәуліктің өзінде Израиль армиясының шабуылынан Газа секторында 86 палестиналық мерт болып, 131-і жараланған.
ERNUR.KZ. Хамас басқаратын анклавтың денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұнда төрт айда 29 700-ге жуық палестиналық қаза тапты. Ал жараланғандардың саны 70 мыңға жуықтап отыр, деп жазады zakon.kz.
Дегенмен құрбандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі талай адам бомбаланған ғимараттардың астында жатыр.
Мысыр үкіметінің дерегінше, тараптар осы аптада Дохада кездесіп, атысты доғару мәселесін талқылауы мүмкін.