Ғалымдар коронавирустың белгілері кімдерде байқалмайтынын айтты

0
1 069

Балалар вирус тасымалдаушы болып жүреді.


Ғалымдар коронавирустың белгілері кімдерде байқалмайтынын айтты

ERNUR.KZ. Қытайлық ғалымдар кімдерде коронавирустың белгілері аса байқалмайтынын айтты, деп жазады Тengrinews.kz.

Ғалымдардың айтуынша, көбіне балаларда коронавирустың белгілері аса байқалмайды, сондықтан да олар вирус тасымалдаушы болып жүреді.

Гуанчжоудағы балалар орталығының мамандарды 2 мен 15 жасқа дейінгі 745 балаға зерттеу жүргізген. Зерттеу қорытындысы 10 баланың коронавирус жұқтырғанын көрсеткен. Алайда оларда вирустың ешқандай белгілері байқалмаған - жөтел, дене қызуы, тыныс алудың қиындауы.

Бұл, ғалымдардың айтуынша, коронавирус жұқтыру қаупі жоғары ересектер үшін өте қауіпті.

Сондай-ақ, балалардың бұл вируспен ұзақ уақыт жүретіні айтылады.

Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 14 мыңға артып, 862 адам қайтыс болды.