Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты

0
1 203

Ғалымдар 110 жыл және 50-80 жыл уақыт өмір сүргендердің жасушаларына зерттеулер жүргізген.


Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты

ERNUR.KZ. Жапония ғалымдары ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты, деп жазады Тengrinews.kz.

Ғалымдар 110 жыл және 50-80 жыл уақыт өмір сүргендердің жасушаларына зерттеулер жүргізген. Зерттеу барысында бірінші топтағы адамдарда иммун жасушалары екінші топтағыларға қарағанда 1,5 есеге көп болғаны анықталған. Сондай-ақ, олардың қанында ісікпен және түрлі инфекциялармен күресе алатын лимфоциттердің көп болатыны белгілі болды.

Осылайша, сарапшылардың айтуынша, таза ауада серуендеу уайымнан сақтап, қан айналымын жақсартып, жүрек соғу жиілігі және жалпы денсаулық көрсеткіштері дұрысталады.

"Біздің бақылауымызша уақытын таза ауада өткізетіндердің денсаулығы, далаға мүлдем шықпайтындарға қарағанда айтарлықтай жақсы. Таза ауада серуендеудің ең бір артықшылығы екінші топтағы қант диабетінің асқындауын, жүрек-қан тамыры ауруларын, мезгілсіз өлім мен ерте туу қаупінен сақтап, оған қоса ұйқыңыз тыныш болады" , - дейді ғалымдар.