Итінен ауру жұққан ер адам аяқ-қолынан айырылды

0
2 109

Оның мұрнын қалпына келтіру үшін пластикалық ота жасату керек екен.


Итінен ауру жұққан ер адам аяқ-қолынан айырылды

ERNUR.KZ. Американың Вест-Бенд қаласының тұрғыны иттегі бактерияның кесірінен аяқ-қолынан айырылды, деп жазады stan.kz.

48 жастағы Грег Мантейфель маусым айында емханаға түскен. Дәрігерлер бастапқыда оны тұмаумен ауырады деп ойлап, кейін қан құрамынан Capnocytophaga бактериясын тапқан. Ол бактерия ит сілекейінде болады. Ит қапқанда немесе қатты жақындасқанда адамның ағзасына түседі екен. Ер адамның қандай жағдайда бактерия жұқтырғаны белгісіз.

Мантейфель өмір бойы иттермен бірге болған. Әйелінің айтуынша, оның денесі ұрып тастағандай түгелдей көгеріп кеткен. Инфекция салдарынан ер адамның қан қысымы түсіп, қан айналымы дұрыс жүрмегендіктен тіндері өліп қалған.

Бір аптадан кейін аяғын, сосын қолын білегіне дейін кескен. Дерт салдарынан ағзасының өзге мүшелеріне де зақым тиген. Оның мұрнын қалпына келтіру үшін пластикалық ота жасату керек екен.

Атап өтсек, Capnocytophaga бактериялары иммуны нашар адамдар үшін қауіпті.

«Бұл дерт оның қанына түсіп, ағзасына кері әсер етті», – дейді жұқпалы аурулар жөніндегі маман Сильвия Мунос-Прайс.

Айта кетейік, ит асырайтын адамдардың 99 пайызы мұндай дертке шалдықпайды. Бұл кездейсоқ жағдай болып отыр.