Қаңтарда Қазақстанға ҰҚШҰ миссиясымен келген қырғыз әскерилері өтемақы ала алмай жүр

0
1 011

​Миссияға қатысқаны үшін қырғыз әскерилеріне 3 еселенген жалақы төленуі тиіс болған.


Қаңтарда Қазақстанға ҰҚШҰ миссиясымен келген қырғыз әскерилері өтемақы ала алмай жүр

ERNUR.KZ. Оны алмаған әскерилер осы шағыммен Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровқа жүгініп отыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қырғызстандағы Министрлер кабинетінің өтемақы төлеу туралы бұйрығы әлі шықпаған.

«Қаражат Министрлер кабинеті басшысының бұйрығы негізінде төленеді. Бұл құжат әлі жоқ. Қаңтар айының ортасында Қорғаныс министрлігі министрлер кабинетіне Қазақстандағы ҰҚШҰ миссиясына қатысатын әскери қызметшілерге қаражат төлеу туралы бұйрық жобасын жолдаған. Алайда департамент жауап алған жоқ», - дейді редакция.

Қырғызстанда «Қырғыз Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде төтенше жағдай және қарулы қақтығыстар кезінде тапсырмаларды орындайтын әскери қызметшілерге қосымша кепілдіктер мен өтемақылар туралы» ереже бар екен.

Құжатта халықаралық шарттық міндеттемелер негізінде төтенше жағдай және қарулы қақтығыстар кезіндегі міндеттерді тұрақты немесе уақытша орындағандарға осы міндеттерді орындау кезеңінде әскери лауазымдар мен әскери атақтар үш еселенген мөлшерлеме бойынша жалақы белгіленетіні айтылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында әскерилер өздеріне тиесілі ақшаны алуға көмек сұрап, президент Садыр Жапаровқа жүгінгені туралы ақпарат пайда болды.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев «24.kg» агенттігіне жақын уақытта Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгершілік миссиясы аясында тапсырмаларды орындаған барлық әскери қызметкерлерге өтемақы төленетінін айтып отыр.

Айта кетсек, Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша ҰҚШҰ мемлекеттері Қазақстанға бітімгершілік жасақтарын жіберген еді. Қырғызстанда,ы «Скорпион» арнайы жасағының әскери қызметшілері Қырғызстаннан барып, Алматы ЖЭО-2 нысанын қорғаған.