ЮНИСЕФ өкілі Қазақстанның иммундау саласындағы негізгі проблеманы атады

0
131

БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қоры Қазақстанда 30 жыл бұрын иммундау бағдарламасымен жұмыс істей бастады.


ЮНИСЕФ өкілі Қазақстанның иммундау саласындағы негізгі проблеманы атады

ERNUR.KZ. Вакциналарды сатып алуға, оларды суық жерде ұстауды қамтамасыз етуге басты назар аударылды. Бұл вакциналармен қамтамасыз етуге салынған инвестиция болды, бірақ 2018 жылы қызылша ауруы тіркелген кезде, иммундаудың негізгі проблемасы ата-аналардың балаларын иммундауға құлықсыздығы екені анықталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР БҰҰ Балалар қоры өкілдігінің Денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламаларының үйлестірушісі (ЮНИСЕФ) Бауыржан Жүсіпов мәлімдеді.

«Қазір вакциналардың тиімділігіне қатысты бас тарту, күмәндану жағдайлары жиі кездеседі. Бұл мәселенің басын ашып алғанда және оның тек Қазақстанға ғана емес, әлемнің барлық еліне тән екені белгілі болғанда ЮНИСЕФ вакциналар туралы шынайы ақпарат беру бойынша денсаулық сақтау саласына қолдау көрсете бастады», – деді ол.

Спикер вакцинациялау туралы сенімді ақпаратты egu.kz сайтынан табуға болатынын айтты. Сонымен қатар қазір ЮНИСЕФ медицина қызметкерлеріне вакцинациялау тақырыбында ата-аналармен байланыс орнатуға сеп болатын білім беру модулін әзірлеп жатыр. Сондай-ақ ЮНИСЕФ Қазақстан мектептері мен медбикелердің патронаждық қызметінде тамақтанудың жаңа стандартын енгізуге қолдау көрсетеді.