Жер сілкінісі 6 қаңтарда Астана уақыты бойынша 07:12-де болды.
ERNUR.KZ. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС мамандары Тәжікстандағы жер асты дүмпулерін тіркеді, деп жазады Zakon.kz.
Жер сілкінісі 6 қаңтарда Астана уақыты бойынша 07:12-де болды.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 728 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.9.
- Магнитудасы – MPV 4.9.
- Тереңдігі – 30 шақырым.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ.