Сот барысында Қытай азаматына әкімшілік жаза тағайындалып, ол елден қуылды.
иллюстрациялық фото: novostivolgograda.ru
ERNUR.KZ. Қаба өзенін жағалап, серуенге шықпақ болған Қытай азаматы Қазақстан шекарасына өтіп кетті, деп жазады NUR.KZ порталы Устинка LIVE сайтына сілтеме жасап.
Көрші елдің тұрғынын шекарашылар Шығыс Қазақстан облысындағы Құрымшы ауданынан ұстаған.
Ол өзен жағалап серуендеу кезінде Қазақстанға өтіп кеткенін байқамай қалғанын алға тартыпты.
Сот барысында Қытай азаматына әкімшілік жаза тағайындалып, ол елден қуылды.