Ким Чен Ын соғысқа дайындықты тездетуді бұйырды

0
459


Ким Чен Ын соғысқа дайындықты тездетуді бұйырды

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын әскеріне "соғысқа дайындықты" тездету керектігін айтты, деп жазады Stan.kz


Ким Чен Ын бұл мәлімдемені елдің батысында орналасқан Корей халық армиясының базасына жасаған сапарында айтты.

"Біздің әскер өзіне ең қатаң талаптарды қойып, өзгерістерге және оның заманауи нысандарына сәйкес соғысқа толық әзірлікті қамтамасыз ету үшін жауынгерлік дайындықты жедел жетілдіру бойынша практикалық жаттығуларды арттыруы тиіс", - деді Ким Чен Ын.

Айта кетейік, бұған дейін Ким Чен Ын елінің қауіпсіздігі үшін Оңтүстік Кореяны басып алуға дайын екенін айтқан еді.