Қор нарығында ресей рублі қымбаттады

0
542

Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы – 8,23 теңге.


Қор нарығында ресей рублі қымбаттады

ERNUR.KZ. Ұлттық банк рубльдің 27 қыркүйектегі ресми бағамын белгіледі, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы – 8,23 теңге.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 27 қыркүйек күні ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,27 теңге.

Кеше рубль құны 8 теңгенің төңірегінде болған.

Алматыдғы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,35-7,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, Астанада 7, 35 - 7,55 теңге аралығында құбылып тұр.

АҚШ ақшасы 475 - 482 теңге аралығында сатылып жатыр.

Айта кетейік, 26 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,41 теңгеге төмендеп, 477,44 теңге болған.