Сингапур бірінші орында.
ERNUR.KZ. Bloomberg агенттігі коронавирус пандемиясы кезінде ең қауіпсіз елдердің рейтингін жасады, деп жазады ҚазАқпарат.
Рейтингтегі елдің жағдайын есептеудің негізгіне көрсеткіштері пациенттердің жалпы саны, өлім-жітім көрсеткіштері, тексерілген адамдардың саны және вакцинация қарқыны туралы ақпарат алынды.
Сингапур бірінші орында. Ол 79,7 ұпай жинады, Жаңа Зеландия - 79,6 ұпаймен екінші орында. Көшбасшылар қатарына, яғни үшінші және төртінші орынды Австралия (76,2 балл) және Израиль (74,9 балл) иеленді. Бесінші орында - Тайвань. Алтыншы - Оңтүстік Корея, жетінші - Жапония, сегізінші - БАӘ, тоғызыншы - Финляндия, оныншы - Гонконг.