Вэй тегі бар әйел Уханьдағы "Хунань" базарында тірі асшаяндарды сатқан.
ERNUR.KZ. Қытайда асшаяндарын сатушының коронавирусты жұқтырған бірінші адам болғаны расталды, деп жазады Stan.kz.
Қытайлық БАҚ-тардың хабарлауынша, Вэй тегі бар әйел Уханьдағы "Хунань" базарында тірі асшаяндарды сатқан. 2019 жылдың 11 желтоқсанында белгісіз себеппен оның температурасы көтеріліп, ол емханаға жүгінген. Сатушы, әдетте, әлсіздік кезінде ауруханаға түсіп, онда оған ине шаншығаннан (укол) кейін, келесі күні оның жағдайы жақсаратынын айтты. Алайда, бұл жолы тіпті екі укол да көмектеспеген.
16 желтоқсанда Вэй Хуачжун ғылым және технология университетінің жанындағы "Сехэ" ауруханасына жүгінді. Кейін ол "Хунань" базарындағы коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайы бар алғашқы адам болғаны анықталды. Бұл базар инфекцияның таралу көзі болды деген болжам бар. Алайда мамандар вирустың жануарлардың тасымалдаушысынан адамға қалай және қандай жағдайда берілуі мүмкін екенін әлі анықтай алмады.
31 желтоқсанда Уханьның денсаулық сақтау комитеті инфекцияның бірінші тобында 27 адам болғанын хабарлады. Журналистер коронавирус расталған емделушілер тізімінің көшірмесін алды, оның ішінде 24 адам "Хунань" базарымен байланыс жасаған, оның төртеуі - бір отбасының мүшелері.
Қытайлық БАҚ "Хунань" базарында ешқашан болмаған коронавирусты жұқтырған алғашқы адамды анықтады. Бұл Чэнь текті ер адам. 16 желтоқсанда оның температурасы көтеріліп, Ухань қаласының маңындағы ауруханаға түскен. Науқас қайдан жұқтырғанын түсіне алмады. Алайда, ол оның отбасы мүшелері, сондай-ақ оны ауруханаға алып барған адам сау екенін атап өтті.
Коронавирустың жаңа түрімен туындаған COVID-19 ауруы алғаш рет 2019 жылы желтоқсанның соңында Ухань қаласында тіркелді. Оның белгілері - жоғары температура, тез шаршау және жөтел. Қытайдан басқа, әлемнің 100-ден астам елінде ауырғандар анықталды.
Джонс Хопкинс университеті жобасының соңғы мәліметтері бойынша, әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 471 мыңнан асты. 21 мыңнан астам адам көз жұмды, құрбандардың көпшілігі Италияда (7,5 мың), Испанияда (3,6 мың) және Қытайда (3,1 мың) тіркелді.