Бұл туралы Қырғызстанның ҰҚМК Шекара қызметі мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Қырғыз-тәжік шекарасының учаскелерінің бірінде шекаралас аудандардың тұрғындары арасында қақтығыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) Шекара қызметі хабарлады.
«2023 жылдың 24 шілдесінде мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде шекаралас аймақтардың тұрғындары арасында жанжал болды», - деп хабарлады ведомство.
Оқиға орнына Қырғызстан ІІМ аумақтық бөлімшесінің қызметкері жеткен кезде оған Тәжікстан азаматтары, Ходжай-Аало ауылының тұрғындары шабуыл жасаған.
Атап өтілгендей, шиеленістің өршуіне жол бермес үшін Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара өкілдері арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қырғызстанның шекара қызметі республика азаматтарын үрей мен ашуға бой алдырмауға және барлық ақпаратты мемлекеттік органдардан нақтылауға шақырды.