Қырғызстан барлық шетелдікке елге кіруге рұқсат етті

0
825

Бұған дейін тек 33 елдің азаматтарына кіруге рұқсат етілген еді, ал енді Қырғызстан барлығына ашық.


Қырғызстан барлық шетелдікке елге кіруге рұқсат етті

ERNUR.KZ. Қырғызстан билігі "Манас", "Ош", "Ыстықкөл" халықаралық әуежайлары арқылы келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды елге кіргізу туралы шешім қабылдады, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"2020 жылдың 4 желтоқсанынан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар белгіленген заңнамалық тәртіпте тұрақты әуе қатынасымен Қырғызстанға келе алады", -делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.


Бұған дейін тек 33 елдің азаматтарына республикаға кіруге рұқсат етілген еді, енді шектеулер алынып тасталды.

Хопкинс зерттеу орталығының мәліметінше, COVID-19 жұқтырғандар саны жағынан алғашқы ондыққа АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Ресей, Испания, Ұлыбритания, Аргентина, Италия және Колумбия кіреді.

АҚШ-та 11 миллионнан астам адам індетке шалдықса, Колумбияда 1,2 миллион адам вирус жұқтырды.