Қырғызстан ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуден бас тарту себебін түсіндірді

0
941

Қырғызстан 9 қазанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық – 2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуден бас тартты.


Қырғызстан ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуден бас тарту себебін түсіндірді

ERNUR.KZ. Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Еділ Байсалов ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық – 2022" оқу-жаттығуларын өткізбеу туралы шешім қабылдауға Тәжікстанмен болған жанжал себеп болғанын айтты, деп жазады zakon.kz.

Оның РИА Новости басылымына айтуынша, Қырғызстандағы қоғамдық пікір Тәжікстанмен жақында болған қақтығысқа байланысты армияның алдағы жаттығуларға қатысуын құптамайтын еді.

Бізде бұл ұйымға, мандатқа, миссияға, жарғыға қатысты ешқандай проблема жоқ. Бірақ, әрине, соңғы оқиғалар тұрғысынан ашу-ыза әлі басылған жоқ.Қырғызстанның вице-премьер-министрі Еділ Байсалов

Қырғызстан 9 қазанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық – 2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуден бас тартты.