​Қырғызстанның басшылығына қастандық жасалмақ болған – ҰҚК

0
2 152

Әзербайжанның 5 азаматы анықталды.


​Қырғызстанның басшылығына қастандық жасалмақ болған – ҰҚК

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚК) Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп жазады Stan.kz.

Агенттіктің мәліметінше, шетел азаматтары мен мемлекетаралық іздеуде болуы мүмкін тұлғалардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел іс-шараларды ұйымдастыру барысында трансұлттық ұйымның мүшелері саналатын Әзербайжанның 5 азаматы анықталды.

Алынған жедел дерекке сенсек, қылмыс әлемінде "қаңғыбас" деген лақап атымен белгілі М. О. Асгаров қылмыстық ортаны нығайту және ұрылар идеологиясын тарату, сондай-ақ өзінің мәртебесін арттыру мақсатында мемлекет жүргізіп жатқан ОПГ-ға қарсы белсенді күрес саясатына байланысты ел басшылығына қастандық жасау үшін серіктестерімен қырғыз аумағына келген.

Осыған байланысты Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 2024 жылғы 22 наурызда жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы ұсталды. Қазіргі уақытта оларды Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу