Бейжің полициясы таратқан ақпаратқа сәйкес, шабуыл жасаған 50 жастағы ер адам.
Фото: std.stheadline.com
ERNUR.KZ. Қытайда ересек адамның балаға пышақпен шабуыл жасауының тағы бір сұмдық оқиғасы болды, деп жазады inform.kz.
Гонконгтың singdao.com сайтының хабарлауынша, 28 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:20 шамасында Қытай астанасы Бейжіңдегі Хайдянь ауданында адамдарға пышақпен шабуыл жасалды.
Бейжің полициясы таратқан ақпаратқа сәйкес, шабуыл жасаған 50 жастағы ер адам.
Оқиға болған жер Бейжіңдегі «Чжунгуанцүн №3 бастауыш мектебі» деп хабарланды.
Шабуыл оқушылар мектептен шығып келе жатқанда жасалған.
Бес адам зардап шекті, оның үшеуі кәмелетке толмаған.
Шабуылдаушыны полиция қамауға алып, жараланғандар емделуге ауруханаға жөнелтілді.
Бұған дейін Қытайда пышақпен жасалған шабуылдан жапондық бала зардап шекені тұралы хабарлаған болатынбыз.