Оның өзі шетелден келген.
ERNUR.KZ. Қытайда өткен тәулікте бір адамнан ғана коронавирус анықталған. Бір тәулікте бірде-бір адам қайтыс болмаған, керісінше 87 адам вирустан айыққан, деп жазады тengrinews.kz.
Шанхайда ғана бір адамнан COVID-19 анықталған. Ол шетелден келген болып шықты.
Осылайша, бүгінде Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 82 881-ге жетті, 77 853 адам айығып, 4 633 адам қайтыс болған. 395 науқас ауруханада ем алып жатыр, олардың 29-ы ауыр жағдайда жатыр екен.
Ал Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 4049-ға жетті, айыққандардың саны - 1 173, қайтыс болғандардың саны - 29.