Бұл елде қазір ит пен мысықтар өз тағамдарына өздері ақша табады.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Қытайлықтар үй жануарларын жұмысқа жіберіп табыс табуды үйренуде, деп жазады stan.kz.
Бұл елде қазір ит пен мысықтар өз тағамдарына өздері ақша табады. Олар арнайы "котокафе" мен "пескокафеге" жіберілетіні белгілі болды. Үй жануарлары кавелерге барып келушілер оларды тамашалауға келеді. Келушілер кафедегі жануарларды ұстап сүйсіне алады.
Жануарлардың иелері үшін бұл әдіс ақша үнемдеудің жақсы нұсқасы болып отыр. Өйткені, үйде жалғыз қалған жануарларға қатты ыстық болғандықтан жазда желдеткіш қосуға тура келеді. Тиісінше, электр энергиясына төлемдер де өседі.
Қытайдағы мұндай кафелердің тенденциясы “Zhuan lingshi qian” деп аталды. Бұл "тіскебасар үшін ақша табу" дегенді білдіреді. Жануарлар жұмысқа толық немесе толық емес күнге шыға алады. Содан кейін түнде иелері сияқты үйлеріне оралады.