"Лимон қосылған су іштім": 60 жастағы дәрігер коронавирустан қалай айыққанын айтты (видео)

0
4 959

Дәрігер вирустың белгілері пайда болған соң мүлде тамақ іше алмаған.


ERNUR.KZ. Ұлыбританиялық дәрігер Клэр Джерада коронавирустан қалай айыққанын айтып берді , деп жазады Тengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, 60 жастағы терапевт Нью-Йорктен келген соң бірнеше күн бойы өзін әлсіз сезінген. Дәрігер онда конференцияға қатысқан екен. Ол бастапқыда ұзақ уақыт ұшқандықтан осылай мазасызданып жүрмін деп ойлаған.

Алайда кейінірек Клэрде құрғақ жөтел пайда болып, дене қызуы жоғарылап, тамағы ауырған. Сол кезде дәрігер коронавирус жұқтырғанын түсінген. Оның айтуынша, вирустың белгілері пайда болған соң ол мүлде тамақ іше алмаған.

"Екі күн бойы тамақ ішкен жоқпын, тәбетім болмады, тамағым ауырды", - дейді дәрігер.

"Дене қызуының жоғарылауына байланысты орнымнан тұра алмай жаттым. Бірнеше күн бойы ұйықтадым. Қолыма телефонды алуға да шамам болған жоқ. Лимон қосылған су іштім, сосын әр сегіз сағат сайын парацетамол іштім. Жағдайым нашарлап кетті. Бірақ өліп кетемін деп ойламадым да", - дейді Клэр.

Бір аптадан соң, әйелдің айтуынша, жағдайы дұрысталған. Дене қызуы түсіп, жөтел кеткен. Содан ол тамақтанып, жиі серуендеуге шыққан.

Клэрдың айтуынша, ол 15 жыл бұрын тұмау болып ауырған. Дәрігер дәл осы коронавирустың өмірінде ең ауыр дерт болғанын айтады.

"35 жыл бойғы еңбек тәжірибемде сұмдық нәрселерді көрдім - менингит пен SARS. Бірақ коронавирус одан да сұмдық, оның қоғамға да, экономикаға тигізер әсері мол", - дейді ұлыбританиялық дәрігер.

Әйелдің айтуынша, коронавирус тек денсаулығы нашар адамдар үшін қауіпті. Ол өлімге әкеп соғады деген пікір дұрыс емес дейді.