Мектептегі атыстан 17 адам қаза тапты

0
1 470

​Флориданың оңтүстігіндегі мектепте атыс болып, 17 адам қаза тапты. Бұл туралы қайғылы оқиға болған Бровард округінің шерифі мәлімдеді,- деп хабарлайды Sputnik Қазақстан


Мектептегі атыстан 17 адам қаза тапты

фото ашық дереккөзден алынды

Флориданың оңтүстігіндегі мектепте атыс болып, 17 адам қаза тапты. Бұл туралы қайғылы оқиға болған Бровард округінің шерифі мәлімдеді,- деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"17 адамның қаза тапқанын хабарлау маған өте ауыр", — деді Исраэл.

Оның айтуынша, 12 адам мектеп ғимаратында, үшеуі көшеде, тағы екеуі ауруханада көз жұмған. Зардап шеккен үш адам ауыр халде жатыр.

Күдікті ретінде бұрын осы мектепте оқыған 1999 жылғы Николас Круз ұсталды. Ол тәртібі дұрыс болмаған соң, мектептен шығарылған екен.

Қайғылы оқиғаға байланысты мектеп апта соңына дейін жабылды.

Айта кетсек, мектепте 14 пен 18 жас аралығындағы үш мыңға жуық оқушы оқиды.