Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр

0
209

Сайлаудың бірінші турында Санду 42,45%, Стояногло 25,98% дауыс жинады.


Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Бүгін Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Мемлекет басшысы лауазымына қазіргі президент Майя Санду мен экс-бас прокурор, Гагаузия тумасы Александр Стояногло таласады.
Санду еуропалық интеграцияны, жалған ақпаратпен күресу үшін БАҚ-қа бақылауды күшейтуді жақтайды және Ресейге қарсы саясат ұстанады. Стояногло Еуропамен интеграцияны қолдайды, бірақ Ресеймен прагматикалық ынтымақтастыққа қарсы емес.
Сайлаудың бірінші кезеңінде Санду 42,45%, Стояногло 25,98% дауыс жинады. Екінші турда көп дауыс жинаған үміткер жеңіске жетеді.