Өзбекстан Түркі кеңесінің құрамына кіретін болды

0
855

Алғашқы кезеңде Түркі кеңесіне Түркия, Әзербайжан, Қазақстан мен Қырғызстан кірді.


Өзбекстан Түркі кеңесінің құрамына кіретін болды

ERNUR.KZ. Өзбекстан Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүшелікке өту жөнінде шешім қабылдады. Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу осылай мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі біртіндеп кеңейіп келеді, халықаралық ұйымның кезекті саммиті 16 қазанда өткізіледі.

«Өзбекстан Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүшелікке өту жөнінде шешім қабылдады. Өзбек тарапының ресми өтініші Түркі кеңесінің хатшылығына келіп түсті деді», - деді Мевлют Чавушоглу.

Түркия Сыртқы істер министрінің айтуынша, мүшелікке өтуге қажетті құжаттар Ташкентке берілген. Ресми мүшелікке өту үдерісі таяу арада аяқталады.

«Ашғабат кеңеске бақылаушы мемлекет ретінде қатысуға әзір екенін жеткізді. Біздің тарапқа Түрікменстан екі мәрте оң ниет танытты», - деді Чавушоглу.

Министрдің атап өтуінше, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев көмекшісімен бірге Ашғабат аттанбақшы.

"Жақында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі маңызды аймақтық ойыншыға айналады", дейді Чавушоглу.

Былтырғы Ыстықкөлде өткен саммит кезінде Мажарстан кеңеске бақылаушы мемлекет ретінде қосылғанын министр еске салды. 19 қыркүйекте Будапештте Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің еуропалық кеңесі ашылады, оған ұйымға мүше елдердің СІМ басшылары қатысады, деді Чавушоглу.

Еске сала кетсек, 2009 жылы қазан айында Нахчыванда (Әзербайжан) өткен саммитте жаңа ұйым құрылғаны жария етілді, оның тұжырымдары 2010 жылы 16 қыркүйектегі Ыстанбұл декларациясында көрсетілген.

Алғашқы кезеңде Түркі кеңесіне Түркия, Әзербайжан, Қазақстан мен Қырғызстан кірді.

Ұйым құрылғалы бері Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің басшыларының алты кездесуі өткізілді.