Өзбекстанда коронавирустан ер адам көз жұмды

0
629

Көз жұмған ер адам коронавирусты Түркияға барып келген қызынан жұқтырған.


Өзбекстанда коронавирустан ер адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқас миокард инфарктісінен қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

CentralAsia (UZ) агенттігінің хабарлауынша, 26 наурызда созылмалы ауруымен есепте тұрған Наманган қаласының 72 жастағы тұрғыны облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясы күдігімен түсті. Сол күні сағат 23:00 шамасында арнайы жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесі онда коронавирус инфекциясы барын растады.

Ер адам мұны Түркияға сапарлап 12 наурызда оралған қызы М.-дан жұқтырған. Оған да коронавирус диагнозы қойылып, карантинге жатқызылды.

Науқас көптеген жылдар бойы қант диабетімен, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дертімен ауырады. Ол дәрігерлердің жасаған реанимациялық шараларына қарамастан 27 наурызда таңертең 4:30-да жедел миокард инфарктісінен қайтыс болды, деп хабарлады министрліктегілер.