Маманның пікірінше, коронавирус пандемиясы әлемде халықтың 70 пайызында иммунитет пайда болғанда басыла бастайды.
ERNUR.KZ. Коронавирус пандемиясы 2021 жылы аяқталмайды, бірақ жазда вирус жұқтыру айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Бұл туралы "РИА Новости" тілшісіне Роспотребнадзордың орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі кеңесшісі, Ресей Ғылым академиясының академигі Виктор Малеев айтты, депжазады Tengrinews.kz.
"Пандемия, әрине, ерте ме, кеш пе аяқталады, бірақ менің ойымша, биыл емес, дегенмен аяқталса ДДҰ мәлімдейді. Алайда коронавирус маусымдық сипатқа ие, бұған көптеген дәлел бар. Бұл өткен жазда Ресейде және басқа да елдерде жұқтыру жағдайлары азайғанда дәлелденді. Биыл да солай болуы мүмкін", - деді Малеев.
Ол қазір әлемде короновирус жұқтыратын уақыт екенін атап өтті. Еуропа елдерінде сырқаттанушылық төмендеп жатқан жоқ, бұдан басқа, тестілеумен қамтылу деңгейі төмен Африка мен Азияның бірқатар еліндегі жағдай түсініксіз.
"Біз бүкіл әлемдегі жағдайды қадағалап отыруымыз керек, өйткені ол біздің елге де әсер етуі мүмкін. Коронавирустың алғашқы жағдайлары бізге Еуропадан әкелінді", - деп түсіндірді Малеев.
Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы әлемде халықтың 70 пайызында иммунитет пайда болғанда басыла бастайды, бірақ СOVID-19 мутацияларын және қолданыстағы вакциналардың оларға қарсы күшін бақылау маңызды.
Жалпы әлемде 129 миллион адам коронавирус жұқтырды, олардың 73 миллионы жазылды, 2,81 миллион адам қайтыс болды.