Pfizer-Biontech компаниясы балаларға арналған вакцина шығарды

0
2 136

Сарапшылар балаларға екпе салу идеясын қолдап отыр.


Pfizer-Biontech компаниясы балаларға арналған вакцина шығарды

ERNUR.KZ. «Пфайзер-Байонтек» вакцинасы 12-15 жас аралығындағы жеткіншектер арасында 100 процент тиімділігін көрсетті, деп хабарлайды Хабар24.

Жақында ғана аяқталған клиникалық сынақтың үшінші кезеңінің нәтижесі осындай. Тәжірибеге 2 жарым мыңға жуық бала қатысқан. Енді АҚШ-та жаңа оқу жылына дейін жеткішектерді вакциналау жұмыстары басталып кетуі мүмкін. Негізі сарапшылар балаларға екпе салу идеясын қолдап отыр.

Қазір «Пфайзер-Байонтек» компаниялары 6 айдан бастап 11 жасқа дейінгі балалардың қатысуымен жаңа клиникалық сынақ жұмыстарын жүргізіп жатыр.


- Менің 12 жастағы ұлым клиникалық сынаққа қатысты. Балалардың қауіпсіздігі бәрінен де маңызды. Біз қанша жерден оларды қорғағымыз келсе де вирусқа келгенде мүмкіндігіміз шектеулі. Сол себепті педиатр ретінде балалардың екпе алғаны дұрыс деп ойлаймын, - дейді дәрігер Ричард Чанг.