Қазір екпе шығарған фармкомпаниялар бәсекелесіп әлек.
ERNUR.KZ. Pfizer коронавирусқа қарсы екпе шығарудың арқасында 26 млрд доллар табуды жоспарлап отыр. Бұл – бір жыл бұрынғы болжамнан 70 пайызға көп, деп жазады inbusiness.kz.
Қазір осы компания өніміне деген сұраныс жоғары. Биыл 1,6 млрд доза шығару көзделген. Келесі жылы өндіріс көлемі бұдан да жоғары болуы мүмкін. Табысты Pfizer мен BioNTech тең бөлісіп алады.
Қазір екпе шығарған фармкомпаниялар бәсекелесіп әлек. Әзірге америкалық өндіріс алда келеді. Pfizer келесі жылы 3 млрд доза шығарамыз деп отыр. Нәтижесінде оның құнды қағаздары 1,4%-ға өсім көрсетті.