Бір күнде 200 украиналық сарбаз қаза болып, 23 брондалған көлік істен шыққан.
ERNUR.KZ. Ресейдің Қорғаныс министрлігі болса кеше Украинаның 17 әскери нысанына соққы жасалынғанын хабарлайды, деп жазады 24.kz.
Айтуынша, бір күнде 200 украиналық сарбаз қаза болып, 23 брондалған көлік істен шықты.
"Ресейдің дәлдігі жоғары зымырандары бір тәулікте 17 әскери нысанды жермен жексен етті. Оның ішінде 5 артиллериялық бекініс, командалық пункттер, ұшқышсыз апараттар, 12 зымыран мен Днепропетровск облысындағы қару - жарақ қоймасы бар. Одан бөлек 200 ұлтшыл мен 23 әскери техниканың көзі жойылды", - деп мәлімдеген Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков.