Ресейде президент орнына "Жоғарғы билеуші" лауазымын енгізу ұсынылды

0
822

Қазіргі уақытта барлығы пікірталас режимінде болып жатыр.


Ресейде президент орнына

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобы бірқатар түзетулерді, оның ішінде президент лауазымын "жоғарғы билеуші" деп өзгерту туралы бастаманы ұсынды, деп жазады kaz.nur.kz.

RG.ru басылымының жазуынша, мемлекеттің құрылтай құжатына түзетулер енгізу туралы ұсыныстардың ішінде президенттік лауазымның өзгеруін, елде негізгі діннің орнауы мен Ресей үшін ерекше мәртебенің нығаюымен түсіндіруге болады.

Сондықтан олар мемлекет басшысының өзгертілген позициясын бас әріппен - "Жоғарғы билеуші" деп жазуды ұсынады.

Одан бөлек, Ресей Федерациясында православие дінін негізгі дінге айналдыру туралы бастама ұсынылды.

Айта кету керек, бұл Ресейдегі "ешқандай дін үстем бола алмайды" деген конституцияның бір тармағына қайшы келеді.

Сондай-ақ, Ресей үшін ерекше мәртебе - "Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңімпаз державалар" туралы ұсыныс болды.

Осыған байланысты Кремль ресми түрде жауап қайырды. Путиннің баспасөз хатшысы президенттің лауазымын өзгерту идеясына қатысты ешқандай ұстаным жоқ екенін атап өтті, деп жазады РБК.

Песков талқылану барысында көптеген идеялар енгізілетінін, олардың кейбіреулері жойылатынын да атап өтті.

Қазіргі уақытта барлығы пікірталас режимінде болып жатыр.