Ресейдегі орман өрті: Қазақстан көмек қолын созуға дайын

0
382

Қазақстан тарапынан 247 жеке құрам, 46 бірлік өрт сөндіру автотехникасы, 2 әуе бортынан тұратын күштік құралдар тобы жасақталды.


Ресейдегі орман өрті: Қазақстан көмек қолын созуға дайын

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ТЖМ өкілінен Ресейдің орман алқаптарындағы өртке байланысты отандық төтенше жағдай қызметінің дайындығын сұрады.

"Ынтымақтастық және ықтимал табиғи өрттерге жедел ден қою мақсатында шекара бөлімшелерінде өзара іс-қимыл жоспарлары жаңартылды. Бүгінде шекара маңындағы гарнизон күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді. Ресей аумағында өрт ахуалы қиындаған жағдайда Қазақстан тарапынан 247 жеке құрам, 46 бірлік өрт сөндіру автотехникасы және 2 әуе бортынан тұратын күштік құралдар тобы құрылған", - деді Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.

Оның сөзінше, шекаралас аумақтардағы төтенше жағдай министрдің қатаң бақылауында тұр.

Еске салайық, осыған дейін күн жылынғаннан бері елімізде 120-дан астам табиғи өрт оқиғасы тіркелгенін жазған болатынбыз.