Рим Папасы халықаралық ұйымдарда реформалар жүргізу керек екенін айтты

0
824

Рим Папасы, сондай-ақ, Украинадағы қақтығыс "көпжақты құрылымның қақтығыстарды шешудің икемді және тиімді жолдарын табу қаншалықты қажет екенін" тағы бір рет көрсеткенін айтты.


Рим Папасы халықаралық ұйымдарда реформалар жүргізу керек екенін айтты

ERNUR.KZ. Рим Папасы Франциск "Иеміздің атынан сұраймын. Болашаққа деген үмітпен он дұға" атты кітабында халықаралық ұйымдарды, соның ішінде, БҰҰ-ны реформалау қажет екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"БҰҰ XX ғасырдағы екі соғыста адамзат басынан өткерген сұмдықтарды жоққа шығаруға арналған Жарғы негізінде құрылды. <...> Бүгінгі әлем бұрынғыдай емес, бұл институттарды жаңа шындыққа сәйкес келетіндей етіп қайта қарау қажет", - деді понтифик.

Рим Папасы, сондай-ақ, Украинадағы қақтығыс "көпжақты құрылымның қақтығыстарды шешудің икемді және тиімді жолдарын табу қаншалықты қажет екенін" тағы бір рет көрсеткенін айтты. Понтификтің кітабы 18 қазанда жарыққа шығады деп жоспарланған.