Дегенмен елге қонып қойған ұшақтар корольдіктен ұшып кете алады.
ERNUR.KZ. Сауд Арабиясы коронавирустың жаңа штаммына байланысты шекарасын бір аптаға жапты, деп жазады Тengrinews.kz.
Сауд Арабиясының билігі коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бір аптаға құрлықтағы шекараны жабу және халықаралық рейстерді тоқтату туралы шешім шығарды.
"Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустың жаңа түрінің таралуына қатысты ұсынымдарына байланысты... корольдік билігі шұғыл жағдайдан басқа халықаралық әуе рейстерін бір аптаға тоқтатты, тыйымды тағы бір аптаға ұзартуы мүмкін деген шешім шығарды", - деп хабарлады БАҚ.
Дегенмен елге қонып қойған ұшақтар корольдіктен ұшып кете алады.
Сондай-ақ елге азаматтарды құрлықтағы кеден бекеті арқылы кіргізуге де бір аптаға тыйым салынды. Бұл тыйым тағы да ұзартылуы мүмкін.
Корольдікке Еуропадан немесе коронавирус тараған басқа елден келген адамдар екі апта бойы үйдегі карантинде қалуы керек. Ал бұл елдерге соңғы үш айда барғандар COVID-19-ды анықтайтын тест тапсыруы керек.