Солтүстік Корея басшысы өз өкілетінің бір бөлігін туған қарындасына бөліп берді

0
759

Ким Ё Чжон бұдан былай елдің АҚШ және Оңтүстік Кореямен қарым-қатынасына жауап береді.


Солтүстік Корея басшысы өз өкілетінің бір бөлігін туған қарындасына бөліп берді

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өз өкілетінің бір бөлігін туған қарындасы Ким Ё Чжон мен тағы бірнеше лауазымды тұлғаға бөліп берді, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы Оңтүстік Корея барлау қызметіне сілтеме жасап «Рёнхап» ақпарат агенттігі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, Ким Ё Чжон бұдан былай елдің АҚШ және Оңтүстік Кореямен қарым-қатынасына жауап береді. Осылайша, ол мемлекетте екінші тұлғаға айналған. Ал, Министрлер кабинетінің төрағасы Ким Док Хун мен Мемлекеттік кеңес төрағасының орынбасары Пак Бон Дюге ел экономикасына қатысты міндеттер жүктелген.

Сарапшылар «Ким Чен Ын мұндай қадамға өзіне түскен салмақты жеңілдетіп, елдегі жағдай өзгере қалса, жауапкершілікті азайту үшін барып отыр», дейді.