Жер сілкінісі Алматы уақытымен 9 мамыр күнгі 07 сағат 47 минутта тіркелді.
ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 680 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.
- Энергетикалық санаты – 11.0.
- MPV тербелісі – 5,1.
- Тереңдігі – 120 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.