Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі де осындай ескерту жасады.
ERNUR.KZ. Тәжікстан азаматтарына Беларуське барудан бас тартуға кеңес беріледі. Бұл туралы Минскідегі тәжік Елшілігінің хабарламасында айтылған, деп жазады inbusiness.kz.
"Беларусьте шетелдік азаматтардың әуе өткізу пункттерінде мемлекеттік шекара арқылы кіруін бақылау режимінің қатаңдауына байланысты Тәжікстан Республикасының Беларусьтегі Елшілігі Тәжікстан Республикасының азаматтарына бұл елге сапарл шегуге уақытша бас тартуды ұсынады", — делінген хабарламада.