Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 592 шақырым жерде.
Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 22 наурыз күні сағат 8.47-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 592 шақырым жерде Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9.
Магнитудасы MPV 5.0.
Жер сілкінісінің координаталары – 39,44° солтүстік. 71,89° шығыс
Тереңдігі 5 км.