Қазақстан аумағында ауытқулар сезілмеді.
ERNUR.KZ. Тәжікстанда тағы жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 591 шақырым жерде орналасқан.
Сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 23:07-де болған. Қазақстан аумағында ауытқулар сезілмеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.0. MPV магнитудасы 4.3. Тереңдігі - 15 шақырым.