Түркия әлем бойынша коронавирустың эпицентрі атанды

0
1 242

Онда бір тәулікте 50 мыңға жуық адамнан індет анықталған.


Түркия әлем бойынша коронавирустың эпицентрі атанды

ERNUR.KZ. Түркия коронавирустың эпицентрі атанды, деп жазады inbusiness.kz.

Онда бір тәулікте 50 мыңға жуық адамнан індет анықталған. Республикалық халық партиясының ресми өкілі Фаик Өзтрактің айтуынша, түрік мемлекеті әлем бойынша вирусты жұқтырудың тәуліктік көрсеткішінде екінші орында тұр.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, соңғы тәулікте 49 мың 584 адам қауіпті кеселге шалдығып, 211 азамат қаза тапқан.

Worldo meters порталының мәліметіне сенсек, соңғы бір күнде Украинада 13 мың 276 адам, Ресейде 8 мың 328, Польшада 8 мың 245 азамат, Италияда 7 мың 767 кісі індет жұқтырған.

Ал, Азия бойынша антирейтингті Үндістан бастап тұр. Онда бір күнде 115 мың 246 жағдай тіркелген. Одан кейінгі орында 17 мың 430 көрсеткішімен Иран мемлекеті.